Атырау, 17 желтоқсан 17:09
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Илон Маск «Тесланың» барлық акциясын сатып алмақ

1 518 рет қаралды


«Тесла» компаниясының негізін қалаушы Илон Маск компания акцияларын түгелдей сатып алып, оны толығымен жеке меншік кәсіпорынға айналдыруы мүмкін.

Өз Twitter парақшасында кәсіпкер «әр акция үшін 420 доллар төлеп, оны биржадан шығаруды ойлап отырмын» деп жазған.

Осыдан кейін нарықтағы «Тесла» акцияларының бағасы 7 пайызға өсіп, 367,25 долларға жетті. Әдетте біреулер акционерлік қоғамды өз бақылауына алу ниетімен акциялар сатып алмақ болса, оның нарықтағы бағасына үстеме ұсынады. 

«Тесланы» басқаратын Илон Маскке компания акцияларының 20 пайызынан астамы тиесілі. Қалғанын жариялаған бағамен сатып алу үшін 85 миллиард доллар қажет. 

Кейбір мәліметтер бойынша, компанияға қаражат салған инвесторлар тек шығында жүрген «Тесладан» әлі пайда көрмегеніне наразы. Ал Илон Маск олардың мүдделерін қорғайтын директорлар кеңесімен дауласудан шаршағанға ұқсайды.

Дереккөз: 24.kz

8 тамыз 2018, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.