Атырау, 30 қараша 00:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Афина үкіметі Мәскеудің грекиялық дипломаттарды қайтару туралы шешіміне жауап берді

1 203 просмотра


Афина үкіметі Мәскеудің грекиялық дипломаттарды елдеріне қайтару шешіміне байланысты Ресейдің Грекиядағы төтенше және өкілетті елшісі Андрей Масловты шақырған. Бұл туралы worldbulletin.net хабарлайды. 

Осыдан бір күн бұрын Ресей СІМ грекиялық дипломаттардың кері қайтарылатындықтары туралы жариялаған еді. Ал, РФ-ның СІМ басшысы  Сергей Лавров қыркүйек айында Грекияға жоспарланған іссапарынан бас тартқан. 

Еске салайық, 13 шілде күні Грекия ресейлік екі дипломатты қайтарып, тағы екеуінің кіруіне тыйым салған еді. Грек билігі осы қадамын Ресейдің өзінің ішкі істеріне араласуымен түсіндірген. 

Енді кеше, Ресей де өз кезегінде, дәл осындай шара қолданды. Айта кету керек, Афина Ресеймен қарым-қатынасының жақсы болғанына қарамастан, елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін деп Ресейдің өзінің ішкі ісіне араласуына шыдай алмайтынын мәлімдеген еді. 

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ресейлік дипломаттар есім атауы  туралы Македониямен арадағы келісімшартқа қарсы шығушы топты қаржыландырған. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

8 тамыз 2018, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.