Сауд-Арабия билігі Канадамен медицина саласындағы ынтымақтастығын тоқтатып, онда емделіп жатқан азаматтарының бәрін өзге елдерге ауыстыруда. Бұл туралы Сауд-Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігінің АҚШ пен Канададағы өкілі Фахд бин Ибраһим Әл Тамими мәлімдеді деп хабарлайды «timeturk.com».
"Канададағы медициналық бағдарламалардың бәрі тоқтатылды. Сауд-Арабиясының азаматтары өздерінің қауіпсіздіі үшін Канададағы ем-домдарын тоқтатады", - деп түсіндірген Әл Тамими.
Бұдан бұрын да сайтымызда жазғанымыздай, Әр-Риад пен Оттованың арасындағы кикілжің Саудия білігі 2012 жылы тұтқындалған блогер Раиф Бадавидің әпкесі, құқық қорғаушы Самар Бадавиді қамауға алғаннан кейін басталған еді.
Еске сала кетсек, осы жылдың маусым айында саудиялық әйелдердің автокөлік жүргізулеріне салынған тыйым алып тасталған еді. Осыған қарсы шығушы белсенділердің тұтқындауына байланысты, Канада СІМ басшысы Христя Фриланд 2 тамыз күні осы оқиғаға қатты алаңдайтынын хабарлаған еді.
Кейін Саудия корольдігі канадалық елшіні «персона нон-грата» деп атап, оны 24 сағат ішінде Сауд-Арабиясы территориясынан кетуін талап етті. Сонымен қатар, Канадамен инвестициялық және саудалық транзакцияны бұғаттауға шешім де қабылдаған болатын. Қазіргі уақытта аталған екі ел арасындағы шиеленіс халықаралық деңгейге жетіп, оған АҚШ-та өз ұстанымын білдіріп, бұл дауға араласпайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік "Saudi" авиакомпаниясы Канадаға ұшатын рейстерді алып тастады.
Дереккөз: “The Qazaq Times”