Атырау облысы Қызылқоға ауданы бұрыннан да мал шаруашылығымен белгілі, алайда өңірде егіншілік көп дамымаған. Дегенмен, биыл егіншілік үшін Миялы, Жангелдин, Көздіғара оругі бойынша 45 гектар жер бөлінген.
- Диханшылықты дамыту үшін біз шаруаларға жерлерін жыртып, Ойыл және Сағыз өзендерінің сағалары арқылы келетін суға мұқтаждық болдырмас үшін сорғы қондырдық,- дейді аудан әкімінің орынбасары Жәнібек ТҰРДАҒАЛИЕВ. - Бұл көмектің қайтарымы ретінде егіншілер жылына бір рет ғана 3 мың теңге төлейді. Алайда тұрғындар арасында егіншілікке көп қызығушылық жоқ. Дегенмен, жұмыстар жүрді, қазір қиярды саттықа шығара бастады. Онда да көп емес. Миялыда бір тонна көкөніс сиятын қойма бар, соған картоп, сәбіз, жуа, көкорам сақтауға мүмкіндік бар.
Алыстан тасымалмен келетіндіктен, көкөніс, жемістердің бағасы қымбат, сапасы нашар. Миялыда көкөніс базары жоқ, сондықтан ауылдағы азық-түлік дүкендерді аралап шықтым. Өнім бағасы мынадай, қарбыз – 100 теңге (1 кг), қауын - 250, қызанақ - 250, қияр - 150-250, картоп - 110-130, баклажан - 200, алма - 350-500, жүзім 900 теңге шамасында.
Роза ҚҰСАЙЫНОВА, дүкен иесі:
- Менің сауда саласында жұмыс жасағаныма 35 жылдай болды. Барлық тауарларды Ақтөбеден әкеліп отырмыз. Өйткені Атырауға қарағанда жақын және жол да жақсы. Үстіне 30-50 теңге қосамыз. Қазір көкөністердің бағасы төмен. Қыркүйектен кейін баға көтеріледі.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор