Атырау, 30 қараша 00:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Саратов облыстық соты мүгедектер ұйымын "шетел агенті" деп таныды

1 623 просмотра

Екатерина Рогаткина, Саратовтағы қант диабетімен ауыратын мүгедектердің аймақтық қоғамдық ұйымының бұрынғы төрайымы.


Ресейдің Саратов облыстық соты қант диабетімен ауыратын мүгедектердің аймақтық қоғамдық ұйымын "шетел агенті" деп таныды.

Қоғамдық ұйымның бұрынғы төрайымы Екатерина Рогаткинаның айтуынша, ұйым мүшелері сотқа шақырылмаған. Оларға істің қаралатын орны мен уақыты да хабарланбаған. Роготкина ұйым Ресей Жоғарғы сотына шағымданатындарын айтады.

Мамырдың соңында Саратов қалалық соты қант диабетімен ауыратын мүгедектердің аймақтық қоғамдық ұйымын "шетел агенті" деп таныған. Ұйым "шетел агенті" қызметін атқарған кезінде міндетті жұмыс істеу ережесін бұзды деп танылып, 300 мың рубль көлемінде айыппұл салынған. Кейін сот ұйымның бұрынғы жетекшісі Екатерина Рогаткинаны "шетел агенті" деп танып, оған да 50 мың рубль айыппұл салған.

Қоғамдық ұйымды тексеруге президент сайлауында Ресей президенті Владимир Путиннің студенттік штабын басқарған медик студенттің шағымы себеп болған. Студенттің сөзінше, ол интернеттен "ұйым шетелдік компания қаржысымен жұмыс істейді" деген дерек оқыған.

Дереккөз: azattyq.org

8 тамыз 2018, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.