Атырау, 30 қараша 00:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Германияда бір отбасының тексеріссіз қауіпсіз алаңға өтіп кетуінен әуе рейстері тоқтатылды

913 просмотра


Майндағы Франкфурт әуежайында жолаушыларды отырғызу уақытша тоқтатылды. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, 4 адамнан тұратын француз отбасы арнайы тексеріссіз жолаушылармен бірге қауіпсіз алаңға өтіп кеткен. 

Қауіпсіздік қызметкерлері мұндай нәрсені қалайша қараусыз қалдырғандары әлі де жұмбақ болып отыр. Себебі халықаралық әуежайларда мұндай жайтқа жол берілмейді. Танымал Lufthansa әуе компаниясының отаны болып саналатын бұл әуежайдан кесте бойынша бүгін 1,5 мың рейс ұшуы керек болатын. 

Алайда осы оқиғаға байланысты қанша рейстің тоқтатылғаны және кешіккені жайлы әзірге нақты ақпарат жоқ. Айта кету керек, 28 шілдеде дәл осындай жайт салдарынан Мюнхенде 300 ұшақ уақытынан кешікті. Ал Франкфуртте 1 адамның тексеруден өтпегені үшін 30 мың жолаушы зардап шеккен еді.

Дереккөз: 24.kz

8 тамыз 2018, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.