Атырау, 19 желтоқсан 05:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ермекбаев неге қорғаныс министрлігіне келді?», «"ҚДТ-ны қолдаған" алматылық сотқа тартылды», «Пентагон Ресей және Қытаймен тайталасуға бет бұрды», «Ирандағы наразылықтың себебі мен сипаты», «Тегін іздеуші венгрлер қазақ тіліне қызығады».

2 048 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Пентагон Ресей және Қытаймен тайталасуға бет бұрды» - АҚШ-тың 2019 жылға арналған қорғаныс бюджеті 716 миллиард долларды құрады. Құжат бұрын-соңды болмаған қысқа мерзім ішінде қабылданып, президенттің қол қоюына жөнелтілді.

«Ирандағы наразылықтың себебі мен сипаты» - Шілденің соңынан бері Иранның ірі қалаларында билікке қарсы шеру өтіп жатыр. Көшеге шыққан ирандықтар елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауына, қымбатшылыққа және ұлттық валюта риалдың құнсыздануына наразы.

«Тегін іздеуші венгрлер қазақ тіліне қызығады» - 40 жылға жуық Венгрияда тұрып жатқан этникалық қазақ Оңайша Мандоки ондаған жыл бойы жергілікті тұрғындарға қазақ тілін үйретіп келеді. Лакителек халық институтында қазақ тілін оқытатын маман Азаттыққа Шығыс Еуропаға қоныстану себебі, Венгриядағы қазақтар және тіл үйрету тәсілдері туралы әңгімеледі.

«Соғыс кесірінен ауылынан кеткен грузин дәрігердің үміті» - Он жыл бұрын Ресей мен Грузия арасында аяқ астынан тұтанған соғыс өртінің кесірінен ондаған мың адам үйлерін тастап, бас сауғалап кетті. Солардың бірі – дәрігер Нуну Човелидзе Тбилиси маңындағы ауруханада бұрынғы ауылдастарын емдеп жан бағып жүр.

«"ҚДТ-ны қолдаған" алматылық сотқа тартылды» - Алматыда белсенді Әсет Нұржаубайдың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Оған шетелде тұратын бұрынғы банкир әрі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовке "көмектескен" әрі сот "экстремистік ұйым" деп таныған ҚДТ (Қазақстанның демократиялық таңдауы – ред.) қозғалысына мүше болған деген айыптар тағылған.

QAMSHY.KZ. «Кинорежиссер Еркін Рақышев медицинаға бет бұрыпты» - Қазақтың танымал кинорежиссері Еркін Рақышев – өзінің тағы бір жаңа қырынан танылды. Мұны сұмдық «сенсация» деп айқайлап атасақ та – артық емес. Бұған дейін ашаршылық пен қуғын-сүргін жайлы тың деректер тауып, тарихшыларды біраз тұқыртып тастаған Ерекең, енді денсаулық саласына бет бұрыпты. 

INFORMBURO.KZ. «Өзбектердің туризмді дамытқаны сондай қазақтар да көршіге барып демалғанды тиімді санайтын болды» - Қазақ көп шоғырланған Өзбекстанның "Швейцариясында" демалу сіз ойлағаннан да арзанға түседі. Еш кедергісіз қызметтің көп түрін қазақ тілінде ала аласыз.

AIKYN.KZ. «Ермекбаев неге қорғаныс министрлігіне келді?» - Кешелі –беорі еліміздің бірқатар мемлекеттік лауазымды орындағы министрлердің ауыс-түйісіне қатысты әлеуметтік желілерде әртүрлі болжамдар жасалынуда. Пікірлер әртүрлі. Бірақ Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес кезінде бұл ауыс-түйістің неге орын алғанын түсіндірді. Сонымен…

ABAI.KZ. «Ресей азаматы Петровичтің пірі Ахметовтің өзі шығар!..» - ШҚО-ның орталығы Өскеменнің тап іргесінде орналасқан саяжайлы ауылды «Ресейдің губерниясына» айналдырып жіберген жұрт бар екен.  Ауыл емес, бау-бақша қоғамдастығы. «Восточник 3» деп аталады. Аумағында 200-дей саяжай бар.  Міне, шу осы «Восточниктен» шығып отыр.


8 тамыз 2018, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.