Болонья түбіндегі А14 автодаңғылында болған жарыс салдарынан қираған көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстары кем дегенде 5 айға созылып, 1 млн еуро жұмсалады. Бұл жөнінде Италияның Инфрақұрылым және көлік министрі Данило Тонинелли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
"Көпірді жөндеуге кететін қаражат жайында айтар болсақ, Autostrade per l'Italia акционерлік қоғамы қайта құлату жұмыстарын қосқанда қалпына келтіру ісінің жалпы көлемі 1 миллион еуроға бағаланатынын айтады. Көпірдің қайта жүретін құрылысын айтсақ, еуропалық және италиялық өндірушілерден ұзындығы 24,65 метр және биіктігі 1,1 метр болатын 12 арқалық іздестіріліп жатыр. Табылған жағдайда қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік туады. Әйтпесе жұмыстар 5 айға созылып кетуі мүмкін", - деді Тониннели Rai News 24 жаңалықтар арнасына берген сұхбатында.
Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, дүйсенбі күні болған автоцистернаның жарылысынан 1 адам қаза тауып, 90 адам зардап шеккен.
Прокуратураның нұсқасы бойынша, жүргізуші ұйықтап кетіп, басқа жүк көлігімен соқтығысқандықтан автоцистерна жана бастаған.
Оқиға салдарынан автоцистерна тұрған эстакаданың бөлігі қирап түскен. Жалын төтенше жағдай болған орынның жанындағы жолда орналасқан көлік салонына ауысып, салдарынан тұрақта тұрған көліктер өртеніп, кейбіреулері бақтағы жанғыш заттардың тұтануынан кейін жарылған.
Бұған дейін Болоньядағы бензин тасымалдаушы көлікте жарылыс болып, 70 адам қаза тапқаны хабарланған еді.
Дереккөз: inform.kz