Атырау, 17 желтоқсан 17:09
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Мәскеуде соққы көрген Сами Насери Желі қолданушыларына алғысын білдірді

1 674 рет қаралды


Мәскеудегі барлардың бірінде Беларусь азаматтарынан соққы көрген француз актері Сами Насери әлеуметтік желі қолданушыларына оның бас жарақатын алғаны жайлы жалған хабарламалар таратпағаны үшін алғысын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Осыдан бірнеше апта бұрын менің өлімім жайлы хабарламалардан кейін жалған хабарламаларды таратуды жалғастырмағандардың барлығына алғыс айтамын. Жағдайым жақсы. Таяуда жаңа жобаларымызды тамашалай аласыздар", - деп жазды актер Instagram желісіндегі парақшасында. 

Сондай-ақ, актер бауыры әрі ресейлік саяхатшы Федор Конюховпен түскен суретін жариялады. 

Еске сала кетейік, актерді Мәскеудегі барлардың бірінде ұрып-соққан болатын. Кейінірек оған сонда ота жасалып, ол Францияға қайта алмаған еді. Mash басылымының мәліметінше, оны Беларусь азаматтары ұрып-соққан. Ер адамдардың арасында жанжал шығып, кейіннен ол төбелеске ұласқан.

Дереккөз: tengrinews.kz

8 тамыз 2018, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.