Атырау, 30 қараша 00:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​ЕО азаматтық берудің жаңа ережелерін жарияламақ

1 672 просмотра


Еурокомиссия осы жылдың қыркүйек айында ЕО елдерінің азаматтығын беруге қатысты жаңа ережелер жариялауды жоспарлауда. Бұл туралы Еурокомиссияның әділет істері жөніндегі комиссары хабарлады, - деп жазады «Spiegel». 

Еурокомиссия ЕО елдерін азаматтарға азаматтық берер кезде сақ болуға шақыруда.

«Еурокомиссия «алтын төлқұжат» деп аталатын жағдайдың реттелуін үлкен алаңдаушылықпен қадағалайды», - деген еурокомиссар. 

Оның айтуынша, соңғы жылдары  қымбат жылжымайтын мүлік сатып алудың нәтижесінде немесе ел экономикасының негізінде қолда етілен ЕО елдерінің төлқұжаттарының саны артуда. 

Тізімде елде ұзақ уақытқа  тұру құқығын беретін («алтын виза» деп аталатын) немесе Қытай мен бұрынғы КО елдерінен келетін азаматтарға толық азаматтық беретін Кипр, Мальта және Грекия елдері аталған. 

«ЕО-ға мүше кейбір елдер Еуропаның қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін қылмыскерлердің олардың азаматтығын  алмауы үшін көп күш жұмсаулары керек», делінген мәлімдемеде. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

7 тамыз 2018, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.