Атырау, 25 қараша 22:55
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оңды-солды сатылған балықтар

3 458 просмотра


Соңғы екі жарым жыл ішінде браконьерлерге қатысты 4 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталып, 58  заңсыз балық аулаушының үстінен 35  қылмыстық  іс қозғалған. Заң бұзушылардан жалпы сомасы 125 млн теңге  шығын өндірілді. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы  Данияр БАЙМАҒАМБЕТОВ:

- 2016-2017 жылдары 11  мың балық аулау құралын,  600  жүзу және көлік құралдарын тәркіледік. Бұл жұмыстар нәтиже беріп отыр: көп жылдан бері биыл ғана Жайық өзенінде ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде шоқыр балығының шабақтары анықталды, бұл бағалы балық түрлері уылдырық шашатын орындарына дейін жетті деген сөз. 

Баймағамбетовтің айтуынша, кейбір балық кооперативтері  барлық аулаған балықтарын тіркемеген, басым бөлігін басқа жаққа сатып, нәтижесінде балық аулауға берілген лимитті игермей, көлеңкелі нарыққа шығарылған.

- Қазір әр ресми балық аулау қайығы мен балық қабылдау бөлімшелерін бақылауда ұстап отырмыз.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

7 тамыз 2018, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.