AIKYN.KZ. «Бесінші каспий маңы саммиті өтеді» - 12 тамызда Ақтауда Каспий маңы елдерінің V саммиті өтеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен саммитке Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Алиев, Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Түркіменстан Республикасының президенті Гурбангулы Бердымұхамедов қатысады.
«Тіркеумен тірлік біте ме?» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасына сәйкес, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру саласындағы негізгі іс-шаралардың бірі ретінде экономиканың көлеңкелі секторының көлемін қысқарту мақсатында жеке тұлғалардың кірістерін жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен көшіру көзделіп отыр. Мұндағы негізгі мақсат – көлеңкелі экономикаға қарсы тұру.
«Сырттай оқу сырт қала ма?» - 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі сырттай оқу түрі тоқтатылмақ. Сонымен бірге, жоғары оқу орындары білім бағдарламаларын, білім беру қызметтерінің өзіндік құнын өздері анықтайды. Бұл туралы биыл 4 шілдеде қабылданған жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейтуді көздейтін заңда айтылған.
EGEMEN.KZ. «Теңге бағамына қандай фактор әсер етті?» - Америка Федералды резервтік жүйесі экономиканы тұрақтандыру саясатын қатаңдатуға кірісті. Бұл өзгеріс бірқатар елдің ұлттық валютасының ішінара құлдырауына алып келді. Қазақстан да бұдан қалыс қалған жоқ.
QAMSHY.KZ. «Бесінші Каспий маңы саммитін өткізуге Ақтау әкімдігі 823 миллион теңге жұмсап гүл екті» - Ақтау қаласында Каспий маңы елдерінің бесінші саммитіне Ақтау қызу дайындалып жатыр. Ильхам Алиев, Хасан Роухани, Гурбангулы Бердымұхамедов, Владимир Путин сияқты қонақтардың келуі құрметіне Ақтауда 7 миллионнан астам гүл отырғызылыпты. Жергілікті басылымдардың жазуынша бұл туралы «Жасулан флора» ЖШС директоры Жұмагүл Омарова айтқан. Егілген гүлдің 40 пайызы ғана көп жылдық болса, 60 пайызы бір жаздық маусымға ғана арналған.
SPUTNIKNEWS.KZ «Қытайда сотталған Ақжарқынның анасы қызына қатысты бар шындықты айтты» - Ақжарқын Тұрлыбайдың отбасы қаржыдан қатты қиналып отыр, тіпті адвокат ақысын да толық бере алмаған
AZATTYQ.ORG. «Жапандағы жалғыз үйде тұратын түйекеш» - Азаттық тілшісі Арал теңізі маңындағы Бөлекқұм қонысында жалғыз үй болып отырған түйекеш отбасының тұрмысын көріп қайтты. Шалғайдағы малшы отбасын сырт әлеммен жалғап тұрған WhatsApp қана.
QAZAQUNI.KZ. «Сайрагүл Сауытбай үкіметтен қандай көмек сұрады?» - Шекараны заңсыз кесіп өтті деп айыпталып, сот залынан босап шыққан қандасымыз Сайрагүл Сауытбай Қазақстан үкіметінен көмек сұрады.