Атырау, 20 сәуір 21:12
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​АҚШ Иранға санкцияларды қайта салды

1 551 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп 2015 жылғы ядролық келісімнен кейін Ираннан алынып тасталған санкцияларды қайта қалпына келтірді. Бұл туралы The Washington Post газеті хабарлады. 

Мемлекеттік хатшы Майк Помпеоның мәлімдеуінше, шектеу шаралары Тегеран өзінің саяси бағытын өзгертпейінше сақталатын болады. Сөйтіп Иранды өзінің зымырандық бағдарламасы мен аймақтағы саясатын талқылауға итермелеуі тиіс. Ресми Тегеран болса АҚШ-тың бұл ісі үшін әлі өкінетінін айтып, өзінің халықаралық міндеттемелерін орындай беретінін жеткізді. 

Ал Ақ үй басшысының мұндай шешіміне Еуроодақ пен басқа да елдер өкініштерін білдірді. Сондай-ақ Еуроодақ Ұлыбритания, Франция, және Германиямен бірлескен мәлімдеме жариялады. Онда тараптар 2015 жылғы келісім Иранның ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатта дамуына кепілдік болып отырғанын жеткізді. 

Сондықтан еуропалық компанияларды АҚШ-тың санкциясынан қорғайтын заң қабылдады. Мина Андреева , Еурокомиссияның ресми өкілі -Еуропалық компаниялардың Иранмен сауда байланысын АҚШ-тың санкциясынан қорғайтын заң бүгін күшіне енеді. Ол сондай-ақ АҚШ-тың санкцияларынан туындайтын шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік беріп, осыған байланысты басқа шетелдік сот шешімдерінің күшін жояды.

Еске сала кетейік, мамырдың 8-і күні президент Дональд Трамп АҚШ 2015 жылы Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығатынын айтып, санкциялар қайта қолданыла бастайтынын мәлімдеді. Ал мамырдың 21-і күні Мемлекеттік хатшы Майк Помпео Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жаңа келісім жасау үшін 12 талап қойды.

Дереккөз: 24.kz

7 тамыз 2018, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.