Атырау, 12 қаңтар 12:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

​Атырауда мамандандырылған тергеу соты құрылды

4 316 рет қаралды


Елбасының Жарлығымен Бақытгүл ДҮЙСЕБАЛИЕВА төрағасы, Дина ТРУМОВА судьясы болып тағайындалды.

- Бұрын, тергеу сотының функциясын прокурор атқарып, ол тергеушілердің іс-әрекеттерінің заңдылығын мақұлдайтын.  Тергеу сотының өкілетіне қамауға алу, үйқамақта ұстау және экстрадициялық қамауға алу, лауазымынан уақытша шеттету, кепілдікті қолдану, мүлікке тыйым салу, мәйітті эксгумациялау, сондай-ақ, күдіктіге халықаралық іздеу жариялау және тергеу органдарының әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарау кіреді, - деді ашылу салтанатында Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тәтті УӘЛИЕВА.

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Азаттық даңғылы, 140 мекен-жайында орналасқан.

Фархат ӘБІЛОВ

6 тамыз 2018, 20:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.