Атырау, 17 желтоқсан 17:04
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Қытайда полиция учаскесіне шабуыл жасалды

1 902 рет қаралды


Қытайдың Сычуань провинциясында 6 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де пышақпен қаруланған адам полиция учаскесіне шабуыл жасады, деп хабарлайды «Синьхуа» ақпарат агенттігі. 

Қаскөй екі полиция қызметкерін өлтірген. Сонымен қатар, шабуыл  барысында 4 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Қылмыскерді полицейлер атып өлтірді. Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сол күні таңертең кісі өлтіру оқиғасына байланысты полиция аталған қылмыскерге іздеу салған екен. Қазіргі уақытта қоғамдық қауіпсіздік органдары іс бойынша тергеу жүргізуде.

Дереккөз: inform.kz

6 тамыз 2018, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.