Атырау, 29 наурыз 19:16
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Өзбекстан басқарушы қызметтерге шетелдіктерді шақыруын жалғастырады

1 151 просмотра


Өзбекстан мемлекеттік басқарушы қызметтерге шетелдіктерді шақыруын жалғастырады.   Өзбекстанның Брюссельдегі елшісі Дильер Хакимов Өзбекстан билігінің елге шетелдік мамандарды көптеп тартуына байланысты журналистер алдында түсініктеме берді. 

Оның сөзінше, Өзбекстан билігі алдағы уақытта жоғары лауазымды мемлекеттік қызметтерге Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, Грузия сияқты мемлекеттерден мамандар тартуын жалғастырады. 

Бұл жұмыстардың барлығы президент Шавкат Мирзиеевтың бастамасы бойынша жүзеге асырылуда және алдағы уақытта міндетті түрде өз нәтижесін береді. Естеріңізге салайық, жақында Өзбекстан президент Шавкат Мирзиеев иновациялық даму министрінің орынбасары етіп германиялық маман Карстен Хайнцты тағайындаған. Ол бұған дейін Германияның білім және ғылыми зерттеулер министрлігінде жұмыс істеген. 

Жалпы, Шавкат Мирзиеев билік басына келгелі бері Өзбекстанның туризм, мектепке дейінгі білім, ақпараттық коммуникация салаларына шетелдік мамандарды көптеп тартуда. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Шавкат Мирзиеев экс-президент Ислам Кәрімовтың командасын билік басынан аластатқаннан кейін кадр тапшылығын көруде. Осыған байланысты ол елге шетелдік мамандарды тартуда. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

6 тамыз 2018, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.