Атырау, 17 желтоқсан 17:09
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​АҚШ-та шағын ұшақ құлады

1 693 рет қаралды


АҚШ-тың Санта-Ана қаласында 2 қозғалтқышты шағын ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты. Әуе көлігі шаһар үстімен кетіп бара жатып, кенеттен сауда орталығының қасындағы тұраққа құлап түскен. 

Ұшақтағы барлық жолаушы көз жұмды. Ал жерде ешкім зардап шеккен жоқ. Әзірге ұшақтың неліктен апатқа ұшырағаны белгісіз. Федералдық азаматтық авиация басқармасының мәлімдеуінше, экипаж апат болар алдында жерге төтенше жағай туралы дабыл берген.  Қазір тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: 24.kz

6 тамыз 2018, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.