Атырау, 30 қараша 01:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Мысырда чехиялық турист акуланың құрбаны болды

1 749 просмотра


Чехиядан келген турист мысырлық курорт – Марса-Аламда акуланың құрбаны болды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Корреспондент порталына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, 3 тамызда Марса-Алам жағажайында адам сүйектері табылған.

Басылым ақпараты бойынша, турист аквалангпен жүзу кезінде жағалаудан 20 километр қашықтықта акулаға жем болған.

Ер адам Марса-Алам курортында әйелі және баласымен демалыста болған.

Жергілікті билік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы топ құрды.

Айта кету керек, туристің акула шабуылынан көз жұмған қайғылы оқиға соңғы рет Мысырда 2015 жылы орын алған болатын. Ол кезде Германиядан келген турист әйел жыртқыш су жануарының құрбаны болған.

Дереккөз: Baq.kz

6 тамыз 2018, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.