Атырау, 17 желтоқсан 15:21
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Өзбекстан ІІМ басқарма басшысын қызмет орнында өлтіріп кетті

1 528 рет қаралды


Өзбекстан ІІМ патрульді-күзет басқармасының басшысы Дилшод Акромов. Өзбекстан ІІМ патрульді-күзет басқармасының басшысы Дилшод Акромовты қызмет орнында өлтіріп кетті – деп хабарлайды Газета. uz  интернет басылымы.

Өзбекстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, патрульді-күзет басқармасының басшысы Дилшод Акромов өзінің қызмет бөлмесінде өлі күйінде табылған. Тергеу жұмыстары барасында оның қызмет бөлмесіне белгісіз бір адамның келгендігі және оған пышақ салып оқиға орнынан қашып кеткендігі анықталған. 

Қазіргі таңда «Асқан қатігездікпен қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған және «Акромовты өзінің жақын таныстарының бірі өлтіруі мүмкін» деген болжам айтуда. 

Дереккөз: “The Qazaq Times” 

6 тамыз 2018, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.