Атырау, 20 мамыр 22:28
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ресей АҚШ тауарларына жаңа баж салығын енгізді

1 349 просмотра


Ресей 5 тамыздан бастап АҚШ-тан импортталатын бірқатар тауарға салынатын баж салығының жаңа тарифін белгіледі. Мәскеу мұны АҚШ-тың бұған дейін болат пен алюминийге баж салығын салуына жауап ретінде қабылдап отыр.

Енді америкалық жүк тасымалына арналған көлік түрлері, құрылыс техникасы, мұнай және газ құрал-жабдықтары, металл өңдеу құралдары және басқа да тауарларға кедендік баж салығы өсті.

АҚШ-қа салынатын сауда шектеулерінен ресейлік экспортерлер 540 миллион доллар шығынға ұшырайды деп болжанып отыр. Ресейдің қосымша салықтары әзірге жылына 88 миллион долларды құрайды. Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Орешкин Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) ережелері бойынша, Ресей жылына 88 миллион доллар көлемінде ғана баж салығын енгізуге құқылы. Қалған 450 миллион долларға салық үш жылдан соң немесе ДСҰ шешімімен енгізіледі.

Дереккөз: azattyq.org

6 тамыз 2018, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.