Атырау, 30 қараша 02:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Тайландта 9 провинцияны су басып, 70 мыңнан астам адам зардап шекті

1 784 просмотра


Таиландта қатты жауын салдарынан су тасқыны болып, 70 мыңнан астам адам жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпаратТАСС-қа сілтеме жасап. 

Жексенбі күні Bangkok Post газеті табиғи апат елдің солтүстік-шығыстағы 9 провинциясын қамтығанын жазды. Олардың қатарында Накхонпханом, Мукдахан, Амнат Чароен, Убон Ратчатхани, Бунгкан, Сакон Накхон, Рой Ет, Каласин және Ясотхон провинциялары бар. Басылымда жарияланғандай, бәрінен де Накхонпханом елді мекені қатты зардап шеккен. Ондағы су Меконг өзенінің жағасынан шығып кетіп, 12 ауданға жайылған. 

Салдарынан 12,2 мың үй-шаруа қожалықтарына залал келіп, 26,8 мың адам зардап шеккен. Сондай-ақ, 28,7 мың га жерді су басқан. Көршілес Мухдахан провинциясында 11,4 мың ферма (4,5 мың га) су астында қалып, 38,3 мың адам зардап шекті. Убон Ратчатханида 4,1 мың адам мен 773 га жер су тасқынына тап болған, ал Амнат Чароен провинциясында табиғи апаттан 1,9 мың адам жапа шегіп, 887 га жерге залал келді.

Дереккөз: inform.kz

6 тамыз 2018, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.