Атырау, 24 сәуір 11:36
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«HRW: "Қытайға қарсы тұруға Қазақстанның дәрмені жетеді"», «Қажыгелдин: “Тәуелсіздік тұсындағы Назарбаев пен қазіргі президент екі бөлек адам”», «Не қазақ қоғамы бұзылды, не қазақ баспасөзі бұзылды», «Орыстар неден қорқады?», «Ауыл қалай жекешелендірілді?

2 296 просмотра

AZATTYQ.ORG. «АҚШ сенаты Мәскеуге қарсы бұрынғыдан қатаң санкциялар әзірледі» - Америкалық бір топ сенатор Конгреске Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы заң жобасын ұсынды. Құжат авторларының пікірінше, жаңа санкциялар бұрынғылармен салыстырғанда әлдеқайда қатал болмақ.

«HRW: "Қытайға қарсы тұруға Қазақстанның дәрмені жетеді"» - Әлемдік баспасөз осы аптада Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың ісі ол үшін сәтті аяқталғанын, Қазақстанның Eurovision байқауына қатысуы ықтимал екенін және жыныстық тәрбие мәселелерін талқылаған.

«Жас кинорежиссерлер көрсеткен боямасыз өмір» - Алматыдағы «Арман» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі түсірген қысқа метражды фильмдер көрсетілді. Жаңа фильм түсіру құқығын жеңіп алған сценарий авторларының да аты белгілі болды.

ABAI.KZ. «Не қазақ қоғамы бұзылды, не қазақ баспасөзі бұзылды» - Еліміз ақпарат әлеміне көз салсаңыз адам өлімі мен зорлық-зомбылық құрбандары жайлы жаңалықтардан жан түршігеді.

«Осы жұрт "Өкірешті" біле ме екен?» - Сонау бір уақытта, естеріңізде болса «Қымызхана» деген бағдарлама бар еді. Сол жерде аңқаулығымен, аңғалдығымен, ерекше күлген күлкісімен елдің есінде қалған «Өкіреш» атты кейіпкеріміз естеріңізде ме?

«Орыстар неден қорқады?» - Ресми Мәскеудің уақыт өткен сайын алаңдайтын мәселесі аз болмай тұр. Қайтсін енді, бұрын 70 жыл бойы импералистік пиғылынан айнымаған ел әлі де ТМД кеңістігіндегі кейбір мемлекеттерді уысынан шығарғысы келмейді, – деп жазады aikyn.kz.

 AIKYN.KZ. «Жазда қай айда қай елде демалуға болады?» - Шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігіне кепіл беру жүйесінің жұмыс істей бастаған уақытынан бастап «Туристік Қамқор» Корпоративті Қоры (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтарға 500 мыңға жуық (485 мың) ТУРКОД бергені мәлім болды. Бұл туралы  «Туристік Қамқор» КҚ баспасөз-қызметінің өкілдері хабарлады.

«Шоу мен шуды азайтып, ойлы хабарларды көбейту керек» - Күні бойы телеарналардағы бірінен бірі өтетін сайқымазақтардың ырду-дырдуынан, шоу мен шудан шаршап, қажып отырғанмын. Әсіресе, «Әзіл MAN» деген аты да, заты да түсініксіз, қай жерінде күлуіңді білмей, кейіпкерлерінен бұрын қиналатын  боnқашоуға келгенде, денсаулығымды ойлап, өшіріп тастағанмын.   Сайқымазақтар  саусағын көтерсе,  мәз болатын,  елің мен жеріңнің, тілің мен діліңнің  зарында шаруасы жоқ жастар  қаптап келе жатқанын ойлап  тіпті, мазам кетті.

365INFO.KZ. «Қабдеш Жұмаділов: эротикаға әдейі бардым!» - Қазақ жазушыларының ішінде эротика саласына қалам шиырлағандары жеткілікті. Бұл жерде бәрінің атын атап, тізбелеп жатуды мақсат етіп отырған жоқпыз.

DALANEWS.KZ.  «Қажыгелдин: “Тәуелсіздік тұсындағы Назарбаев пен қазіргі президент екі бөлек адам”» - «Жаңа Қазақстан»? Билікті төңкеру ойымызда жоқ, керісінше Ақордамен диалогқа келгіміз келді. Билікті бізбен пікіралмасуға итермелеуіміз керек» депті Қажыгелдин. «Ферғанаға» сұхбат берген экс-премьердің ой-пікірін ықшамдап ұсынып отырмыз.

INFORMBURO.KZ. «Ауыл қалай жекешелендірілді?» - Қазақстан тарихындағы бірінші жекешелендіруге биыл 25 жыл. Экономистер ауылдан қалаға бет алған көшке де себеп болған осы науқан дейді.


6 тамыз 2018, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.