Бразилияда «Солшыл жұмысшы партиясы» түрмеде жазасын өтеп жатқан бұрынғы ел президенті Луис Инасиу Лула да Силваны президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынды.
Партия мұндай шешімді өзінің жалпыұлттық съезінде қабылдады. Енді солшыл партия өз үміткерін жоғарғы сайлау сотында тамыздың 15-іне дейін тіркеуі тиіс.
Алайда сарапшылар аталған орган партияның бұл өтінішін қабылдамайтын шығар деп отыр. Себебі заңға сәйкес қылмыстық іске байланысты жауапқа тартылған тұлға сайлауға қатыса алмайды.
Еске сала кетейік, Бразилияның экс-президенті Лула да Силва сыбайлас жемқорлыққа байланысты сәуір айынан бері түрмеде жазасын өтеп жатыр. Ал социологиялық сауалнамаға қарағанда, егер ол сайлауға қатысса, жеңіске жетуі әбден мүмкін.
Ал елде президенттік, парламенттік және аймақ башыларының сайлауы 7 қазанға белгіленген.
Дереккөз: 24.kz