Атырау, 30 қараша 01:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Анкара АҚШ-қа жауап қайтарды

1 363 просмотра


Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас америкалық шіркеу қызметкерінің ісіне байланысты шиеленісе түсті. Өйткені Анкара АҚШ-тың бұған дейін 2 түрік шенеунігіне енгізген шектеу шараларына қарсы қарымта жауап қайтарды.

Оған сәйкес Құрама Штаттардың Әділет және Ішкі істер министрліктерінің барлық есеп-шоттары бұғатталды. Еске сала кетейік, екі ел арасындағы кикілжің АҚШ-тың 2 түрік министріне санкция қолдануынан басталды. 

Өйткені Вашингтонның мәлімдеуінше, бұл шенеуніктер 2016 жылы Түркияда қызмет еткен Эндрю Брансон есімді америкалық пасторды «Күрд жұмысшы партиясы» және қуғындағы Гюленмен байланысы бар деп қамауға алуды бұйырған. 

Салдарынан пастор 2 жылға жуық түрмеде отырып, жақында үй қамаққа ауыстырылды. Осыған байланысты АҚШ алғаш рет НАТО-ға мүше елге санкция қолданған еді. Нәтижесінде түрік валютасы құнсызданып кетті.

Дереккөз: 24.kz

5 тамыз 2018, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.