Атырау, 30 қараша 01:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Ресейде Ми-8 тікұшағы құлады: 18 адам қаза тапты

1 661 просмотра


Ресейде Ми-8 тікұшағының не себеті құлағаны анықталды Ресейдің Краснояр өңірінде Ми-8 тікұшағы құлады, - деп хабарлайды РИА Новости өңірлік жедел қызмет ету ведомствосындағы дереккөзге сілтеме жасап. 

"Әуе кемесінің бортында 18 адам болған, оның ішінде үшеуі экипаж мүшесі. Барлығыда қайтыс болды", - деді агенттік сұхбаттасушысы. Оның айтуынша, тікұшақта "Анкор" компаниясының қызметкерлері болған.  Дереккөз мәліметінше, Ми-8 тікұшағы құламастан бұрын екі шақырым ұшқан. Әуе кемесі адамдар шоғырланбаған жерге құлап, өртеніп кеткен. "Тікұшақтың қайда құлағаны анықталды", - деді сұхбаттасушы. 

Әуе апатына, алдын ала болжам бойынша техникалық ақау немесе ұшқыштың қателігі себеп болуы мүмкін.  ТЖМ МБ мәліметінше, әуе апаты жергілікті уақыт бойынша 10:20-да (Астана уақыты бойынша 09:20-да) Игарка елдімекенінен екі шақырым жерде болған.  Осы дерекке қатысты, көлікт прокуратурасы тексеріс жүргізіп жатыр. 

Дереккөз: tengrinews.kz

4 тамыз 2018, 21:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.