Атырау, 17 желтоқсан 15:20
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Нурмагомедов пен МакГрегор арасындағы жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды

Бейнежазба
1 702 рет қаралды


Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегорға қарсы 6 қазанда жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Абсолют жекпе-жек чемпионатының (UFC) Twitter желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.  

UFC 229 кешінде Нурмагомедов - МакГрегор арасында өтетін кездесу басты шара болмақшы. Кездесу 6 қазанда Лас-Вегастың "Вегас Голден Найтс" НХЛ клубының стадионында өтеді. 


Нурмагомедов кәсіпқой мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген, ол 26 жекпе-жек өткізіп барлығында да жеңіске жеткен. Ол жеңіл салмақта UFC чемпионы. Ал МакГрегор жартылай орта салмақта және жеңіл салмақта UFC чепмпионы. Ол 21 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. 

Дереккөз: tengrinews.kz

4 тамыз 2018, 21:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.