Токио медицина университетінің мамандары жеті жыл қатарынан қыздардың қабылдау емтихандарындағы бағасын әдейі төмендетіп келген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Yomiuri Shimbun сайтына сілтеме жасап.
Оқу орнында бағалар қыздардың қабылдау емтихандарын үздік тапсыруы көбейгеннен кейін төмендетіле бастаған. 2010 жылы оқуға түскендердің 40 пайызын қыздар қауымы құраған. Ал, 2011 жылы университетте қыздардың қабылдау емтихандарының бағасын төмендету тәжірибесі қолданыла бастады, осылайша оқу орнында білім алатын қыз балалардың үлесі 30 пайызға дейін төмендетілген.
Оқу орнының қызметкерлері ер азаматтарды оқуға көбірек қабылдауға тырысады. Олардың айтуынша, қыздар оқуын бітіргеннен кейін тұрмысқа шығып, көбіне жұмыс істеуден бас тартып жатады екен.
Бүгінде бұл кемсіту фактісімен округтік прокуратура айналысуда. Ал, университет басшылығы ішкі тергеуді бастады.
Дереккөз: Baq.kz