AZATTYQ.ORG. «Адвокат Құспан халықаралық қолдауды мақтады» - Азаттықтың тікелей трансляциясында көрермендер сұрақтарына жауап берген адвокат Абзал Құспан Қазақстаннан пана іздеуші Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайдың тамыздың 1-інде сот залынан босатылуына әсер еткен факторларды сипаттады. Панфилов аудандық соты Сауытбайды Қазақстан-Қытай шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін алты айға шартты түрде соттап, шетке шығарудан бас тартқан.
«Қазақстандағы "саяси тұтқындар" тізімі жаңарды» - Қазақстандық құқық қорғаушылар Қазақстандағы "саяси тұтқын" деп танылғандардың жаңартылған тізімін жариялады. Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның Facebook-тегі парақшасында хабарлауына қарағанда, 25 шілде күні құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар кеңесі саяси тұтқындар тізіміне қамауда отырған белсенділер мен блогерлер - Алмат Жұмағұлов, Кенжебек Әбішев, Авлобас Жұмаев, Әсет Нұржаубай, Мұрат Тұңғышбаев және Әсет Әбішевті қосқан.
«ОАР-дағы ресейлік журналистердің қазасы жайлы болжамдар қабыспайды» - Орталық Африка Республикасында (ОАР) ресейлік үш азамат – журналист Орхан Джемаль, режиссер Александр Расторгуев пен оператор Кирилл Радченконы өлтіру оқиғасы барған сайын жаңа жайттармен толығып жатыр. Бір-біріне қайшы болжамдар көп, бірақ олардың ешбірі негізгі әрі шындыққа жанасатын болжам болып көрінбейді.
«”Мұнай ұрлау” ісі бойынша 24 адам сотталды» - Ақтөбеде «мұнай ұрлады» деген айыппен істі болған 26 адамға тамыздың 2-сі күні сот үкімі шықты. Сотталушылардың екеуі сот залынан бостандыққа жіберіліп, қалған 24 адамға 3 пен 12 жыл аралығындағы түрме жазасы кесілді.
DALANEWS.KZ. «Маңғыстау облыстық соты кімнің сойылын соғып жүр?» - Аудандық және облыстық соттарға «әй» дейтін әже, «қой» дейтін «қожа» табылмай тұр. Солардың кесірінен бүтін бизнестің тамырына балта шабылуда деп хабарлайды Total.kz.
TTJK.KZ. «Үміт ШАЯХМЕТОВА: Халық банкте тұрақтылық бар, қаражат жеткілікті» - Халық Банк-тің басшысы банкоматтар мен клиенттердің шоттары бойынша орын алған жағдайға түсініктеме берді.
«Динара АМАНБАЕВА: Интеграцияның тиімді тұстары көп» - Екі жүйе құрушы банктің бірігу процесі аяқталуға жақын. Клиенттердің көбісін біріккен банк өнімдер, қызметтер мен сервистердің қандай түрін ұсынады және оларды қандай жаңалықтар күтіп тұр деген сұрақ мазалауда. Halyk Bank-тің бөлшек сауда бизнесі департаментінің басшысы Динара Аманбаева бұл сұрақ төңірегіндегі барлық күдікті жоюға тырысады.
INFORMBURO.KZ. «Сайрагүл ісі: Қытай мен Қазақстанның арасын аша ма?» - Сайрагүл ісі қалай шешілді? Әлемдік ұйымдардың ролі қандай? Синофобияның өршуі кімге керек? Қытайдағы саяси және экономикалық жағдай қандай? Қытай қауіпті ме?
«Алакөл. Қай жағалауында демалған дұрыс?» - Соңғы жылдары Алакөл жағалауы – демалушыларға таптырмас орынға айналды. Көл суына тәнтілер мұнда қызмет көрсету деңгейінің төмендігіне де көз жұма қарайды.
EGEMEN.KZ. «Отандық анимацияның халі қалай?» - Айыбы кішкентай көрермендерге арналғаны болмаса, анимациялық фильм жасау оңай емес, азабы да жеткілікті және арзан тұрмайды. Көп қаражатты, көп уақытты, көп күшті қажет етеді. Ұлттық өнер көкжиегінде маңызды сала ретінде пайда болғанына елу жылдан енді асса да, қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың көзі тірісінде тоқыраған бұл сала бар-жоғы белгісіз болып, талай жыл теріс қарап, тырс етіп белгі бермеген күйі бүк түсіп жатып қалды.
«2018: Қалыңдық көйлегіндегі соңғы өзгерістер қандай?» - Есін біліп, етегін жапқан бойжеткеннің барлығы қалыңдық атанатын күнді өмір бойы күтеді. Жер бетінде жалғыз өзі ғана күйеуге шығып бара жатқандай сәнді де сұлу болуды армандайды.