Атырау, 17 желтоқсан 15:20
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Чилиде студенттер ереуілге шықты

1 822 рет қаралды


Чили астанасы Сантьяго қаласында болған студенттер ереуілі құқық қорғаушылармен қақтығысқа ұласты. Ереуілшілерді басу үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданды. Наразылық акциясын ұйымдастырған бірнеше адам қамауға алынды. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.

Жиналғандар Себастьян Пиньераның жастардың еңбек етуіне қатысты заңнамаға енгізген өзгерістеріне қарсы. Айта кету керек, ел президенті сәуір айында хабарлама жасаған болатын. 

Жаңа қаулы бойынша 18-ден 28 жасқа дейінгі студенттер жарты жыл сайын аттестациядан өтіп тұруға міндетті. Сонымен қоса олар аптасына 30 сағаттан артық жұмыс істей алмайды. 

Айта кету керек, Чили халқы соңғы кезде ереуілге шығуды жиілетті. Олар қоғамдық көліктің тегін болуы мен оқу ақысын төмендетуді талап етіп жатыр.

Дереккөз: 24.kz

3 тамыз 2018, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.