Атырау, 20 сәуір 12:22
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Трамп Ким Чен Ынға алғыс білдірді

1 601 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп Корей соғысы кезінде қаза тапқан америкалық сарбаздардың сүйегін табыстағаны үшін Ким Чен Ынға алғыс білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.ru порталына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Трамп «жағымды хат» жібергені үшін Ким Чен Ынға ризашылығын білдірді. Сөз арасында ол Солтүстік Корея басшысымен жеке кездесуді тағаттана күтетінін жеткізді.

Бұған дейін Ақ үй америкалық сарбаздардың сүйегі АҚШ-қа жеткізілгендігін хабарлаған. Ол жөніндегі келіссөз12 маусым күні Сингапурде Трамп пен Ким Чен Ын кездесуі барысында жасалған еді.

Корея Республикасының Осан әуебазасында жауынгерлердің сүйегін еліне оралту салтанаты өткізілген болатын.

Дереккөз: Baq.kz

3 тамыз 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.