Атырау, 17 желтоқсан 15:19
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Huawei Apple-ды басып озды

1 264 рет қаралды


2018 жылдың екінші тоқсанында сатылған смартфондар саны бойынша Huawei қытайлық компаниясы Apple корпорациясын басып озып, осы көрсеткіш бойынша әлемде екінші орынға шықты. Бұл туралы International Data Corporation (IDC) шолуында айтылған, деп хабарлайды euronews.com

Samsung  корпорациясы 71,5 млн смартфон сатып, көп бастап тұр. Оның нарықтағы үлесі 20,9% құрайды. Apple компаниясы  $53,3 млрд қаржы тапқанымен, сатылған смартфондардың саны бойынша алғаш рет үшінші орынға сырғыды. Қытайлық компания 54,2 млн құрылғы сатып, нарықтың 15,8% алған. 

Осылайша, сатылым саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 40,9% өскен. Apple осы жылы сәуір-маусымда 41,3 млн құрылғы сатқан. Сондай-ақ қытайлық компания Xiaomi сатылымының өсімі 48,8% көрсетіп, төртінші орынға жайғасты. Бұл компания 31,9 млн аппарат сатқан. 

Бесінші орында тұтынушыларға 29,4 млн смартфон өткізген Oppo қытайлық өндірушісі. Ол нарықтың 8,6% үлесін иеленді. Екінші тоқсанда 342 млн смартфон сатылған. 

Дереккөз: inform.kz

2 тамыз 2018, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.