
Мексикада болған ұшақ апатының себебі анықталды. Мамандардың айтуынша, аяқ астынан жел көтеріліп, ұшақтың қозғалысын қиындатқан. Осындай себеппен экипаж қайта жерге қонуға шешім қабылдайды.
Алайда ұшу алаңына жақын жерге сәтсіз қонып, отқа оранады. Абырой болғанда іштегі жолаушылар ұшақтан сытылып шығып үлгерген. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, адамдардың бәрі аман.
Ауруханаға 27 адам жеткізілген. Қалғаны жарақатының жеңіл екенін айтып, емделуден бас тартқан. Айта кету керек, Дуранго қаласынан ел астанасы Мехикоға бет алған ұшақтың бортында 97 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған.
Дереккөз: 24.kz
В Атырау -1