Атырау, 30 қараша 02:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Американың Бландфорд қаласында барлық полиция бір күнде жұмыстан шығып кетті

1 344 просмотра


Тәртіп сақшылары қаржылай қолдаудың аздығын себеп қылған. Массачусетс штаты, Бландфорд қаласының барлық полициясы жайсыз жұмыс жағдайына байланысты жұмыстан шықты, деп хабарлайды Today.kz MassLive сайтына сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшылары қаржылай қолдаудың аздығын себеп қылған. 

"Полиция жұмысы өз алдына қауіпті еді, қала әкімшілігі оны одан бетер қауіпті ете түсті", – деді ұжым болып арыз жазған полициялар. Арызда желдеткіші, қысқы дөңгелегі жоқ патрульдік автокөліктер аталған. Олар кейде жеке көліктерімен жұмыс істеуге мәжбүр. Жұмыс көліктерінің ішіндегі жағдайы ең жақсы дегендерінің өзінің орындығында ақау бар. Тежегіші дұрыс жұмыс істемейтін көліктер де кездескен. 

Офицерлер оқ өткізбейтін кеудешелердің ескіргенін айтқан, сондай-ақ радиобайланыс та нашар жұмыс істейді екен. 

"Олар бізге сағатына 14-15 долларға жұмыс істеңдер дейді. Осындай жағдайда сіз басыңызды бәйгеге тігер ме едіңіз? Біз қала үшін тәуекелге барамыз, бірақ біз қалаға қажет емес сияқтымыз", – дейді полициялар. 

Шағын Бландфордта төрт полиция қызмет атқарғаны хабарланды. Қалаға қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін штат пен округтың басқа полициялары жіберілді. 

Басылымның жазуынша, полициялар Бландфорд полиция департаментінің көрші Честер бөлімшесіне қосылуы мүмкін екенін талқылай отырып, жұмыстан өз еріктерімен шығып кеткен. 

Дереккөз: today.kz

2 тамыз 2018, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.