AZATTYQ.ORG. «ҮЕҰ өкілдері заңдағы өзгерісті сынайды» - Қазақстанда коммерциялық емес ұйымдардың қызметін реттейтін заңға биыл жаңадан енгізілген өзгерістер үшінші секторға бақылауды күшейтті дейді кейбір ҮЕҰ өкілдері. Үкімет қаржыландыраты ұйым жетекшісі қарсы уәж айтады.
«Жыласам, сөзімнің еш құны болмас еді» - "Шекараны заңсыз кесіп өтті" деп айыпталып, тамыздың 1-інде Қазақстан соты алты ай шартты түрде бас бостандығынан айырған, бірақ экстрадицияламай елде қалдырған Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай Азаттыққа сұхбат берді. Шыңжаңдағы саяси лагерьде жұмыс істеген Сауытбай сот кезінде Қытайдағы этникалық қазақтардың қысымға ұшырап жатқаны туралы мәлімдеген.
«"Шешенфильм" киностудиясының шырғалаңы» - Қуғындағы "Ичкерия Шешен республикасының" мәдениет министріне айналғаннан кейін Инал Шерипов 2013 жылы Рамзан Қадыровты "Қолы иығына дейін қанға малынған жауыз" деп атаған еді. Ал Шерипов содан төрт жыл бұрын – 2009 жылы Шешенстан президентіне республикадағы тұңғыш "Шешенфильм" мемлекеттік киностудиясын құруға көмектесу үшін АҚШ-тан Ресейге оралған болатын.
«Сот Курамшинді мерзімінен бұрын босатуға шешім шығарды» - Азаматтық белсенді Вадим Курамшин мерзімінен бұрын босатылатын болды. Курамшиннің адвокаты Мұратбек Іргенің Азаттыққа хабарлауынша, тамыздың 1-і күні Өскемен қалалық №2 сотының судьясы Тельман Әлімханов оны мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешім шығарған.
QAMSHY.KZ. «Димаш Ресей билігіне несімен ұнамай қалды?» - Димаш Құдайберген Беларусия төрінде «Славян базары - 2018» халықаралық фестивалінде шырқаған әндері ресейлік «РТР» мен «МИР» телеарнасының эфирінен алынып тасталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мұндай жағдай бұған дейін де болған. Былтыр Димаш «Славян базары» байқауына қонақ ретінде барып, ән шырқаған, алайда Димашты эфирден қиып тастап әншінің тыңдармандарының шамбайына тиген еді. Биыл дәл сондай жағдай қайталанғаннан кейін Димаштың тыңдармандары үнсіз қалмай Димаштың өнерін телеарналардан тамашалау құқығын талап етпек.
ABAI.KZ. «Қазақ даласындағы Ресейдің минасы...» - Қазақстанның халық саны 18 миллионнан асты. Қазақ ұлтының пайыздық үлесі - 66,01%. Бірақ, әлі «Қазақстан көп ұлтты мемлекет» деген ұранды ауыздан тастамаймыз. Оған «ынтымағы жарасқан көп ұлтты» деген сөзді тағы қосамыз. Осы ұрандар үшін ел иесі – қазақтардың мүддесін құрбандыққа шалу әдетке айналған.
«Ресейге зымырандарын құлату үшін Жангелдин ауданынан жер берілуі мүмкін» - Ресей Федерациясының зымырандарын құлату үшін Қазақстан аумағынан тағы да жер берілуі мүмкін. Бұл туралы ru.sputniknews.kz сайты РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлады.
TURKYSTAN.KZ. «Телеарна мәдениет мекені болуы керек» - Жуырда Өзбекстан ақпараттық технологиялар және коммуникация министрлігі Самарқанд аймағында спутниктік STV телеарнасының таралуына тосқауыл қойып, Ташкендегі «Sevimli» телеарнасына қатаң ескерту жасады. Қайсыбір жылы Өзбекстанның бір телеарнасы әйгілі «Титаник» фильмін таратқан. Бас кейіпкерлердің қатысуымен таспаланған махаббат сахнасын, лыпасыз сурет салуға бекінген кейіпкерлер сюжетін өзбек телеарнасы кесіп тастапты. Ал біздің елдегі музыкалық кей арналар жадағай қоғамға жалаңаш тәнді қашанға дейін көрсете бермек? Онсыз да мәнсіз, мағынасыз жарнамадан шаршаған жұрт тележәшікті талақ етудің сәл-ақ алдында тұр.
AIKYN.KZ. «Дeкрeттiк дeмaлыс: eр aдaмғa eрсi мe?» - Oсыдaн шaмaмeн oн жыл бұрын шeтeлдiк жұлдыздaрдың әйeлiнiң oрнынa дeкрeттiк дeмaлысқa шығып жaтaтынын тeлeдидaрдaн көрiп, журнaлдaрдaн oқып тaңғaлaтынбыз. «Бaтыстың шығaрмaйтыны жoқ, eр aдaмның бaлa бaққaны нeсi?» дeп iштeй сынaп тa қoйғaнбыз. Бiрқaтaр Eурoпa eлдeрi үшiн қaлыпты құбылысқa aйнaлғaн бұл тeңдiктi қaзaқ үшiн жaт қылық дeйтiн eдiк сoл кeздeрi