Әдетте қарапайым атыраулықтар үшін облыстағы шенеуніктер табысы жеті қат жер астындағы құпия. Дегенмен өткен мамыр-маусым айларында шенеунік мырзалар 2011 жылғы табыстарын (тек мемлекеттік тілде шығатын газетте ғана жарнама және басқа да ұсақ-түйек хабарландырулар арасында елеусіздеу) жария етті.
Еске сала кетсек, «Нұр Отан» партиясы мамыр айында «Өзіңнен баста» атты табыс жариялау бастамасын көтерген еді. Сөйтсек, көптеген шенеуніктер тек бір жалақымен күн көріп отырған көрінеді, олардың басында баспанасы, астында көлігі, шетелдік банктерде есепшоттары да жоқ. Әрине олардың кейбірінің екі-үш қабатты котедждерде тұратынын, балаларының шетелде білім алып, өздерінің аса қымбат көліктермен жүретінін бүгіп қалғанын елдің іші сезетін болар. Дегенмен партиялық деп аталғанмен де бұл акцияның сайлау алды науқаны болмағандықтан, оған қатысушылар әдетте өздерінің жақын туыстарына рәсімделетін отбасылық бизнес пен басқа да құнды мүліктерін көрсетпеуге әлбетте құқылы.
ТҮГЕЛ ЖАЗЫП БЕРДІ МЕ?
Табысын жариялауды алғашқылардың бірі болып облыс әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясының Атырау облысындағы филиалы төрағасы Болат ДӘУКЕНОВбастапты.
«Мен осы акция аясында алғашқы болып өзімнің дүние-мүлкім мен 2011 жылғы табыстарымды жария етемін. Яғни 2011 жылы жалпы сомасы – 5 744 648 теңге көлемінде таптым, одан мемлекетке 902 197 теңге салық төледім. Жеке меншігімде 3 бөлмелі бір пәтерім және бір автокөлігім бар. Шетелдік банктерде есеп шотым жоқтығын, көрсеткен табысым шынайылығын және толықтығын растаймын» деп жазады Дәукенов мырза.
Оның партиядағы бірінші орынбасары Саламат ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ 2011 жылы 2 501 818 теңге табыс тапқан. Мемлекетке 205 970 теңге, зейнетақы қорына – 250 187 теңге аударған. Құлсарыда1 үйі, 1 пәтері бар, автокөлігі жоқ.
«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Кеңес ҚОСЫБАЕВТЫҢ былтырғы табысы 1 679 810 теңгені құрайды. Айына жалақысынан бөлек, 48 000 теңге зейнетақы алады.5 бөлмелі пәтерде әйелімен, бала-келінімен, немерелерімен тұрады. Автокөлігі жоқ.
Атырау қаласы әкімі, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасы Асқар КЕРІМОВТЫҢ 2011 жылғытабысының жалпы сомасы – 4 961 812 теңге. Одан 368 634 теңге салық төлеген. Жеке меншігінде 1 тұрғын үйі мен 1 автокөлігі ғана бар. Серік БАЙМҰҚАШЕВ, партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 2011 жыл – 1 505 297 теңге табыс тапқан. 3 бөлмелі пәтері мен 1 автокөлігі бар. Облыстық мәслихат хатшысы Сағындық ЛҰҚПАНОВ 2011 жылы жалпы сомасы - 5 862 380 теңге қаражат тапқаны жариялапты. Зейнетақы қорына – 586 238 теңге аударған. Жеке меншігінде жалпы ауданы 76,3 кв м пәтері мен жалпы ауданы 278,1 тұрғын үйі, гаражы бар, бірақ көлігі жоқ.
Атырау қаласы әкімінің екі бірдей орынбасарының еншісінде мүлде дүние мүлік жоқ екен. Қаладағы баспана мәселесін бас-көз болып жүргеніне қарамастан Атырау қаласы әкімі орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТА жылжитын да, жылжымайтын да мүлігі жоқ. Былтыр – 1 987 913 теңге ақша тапқан. Қала әкімінің тағы бір орынбасары Айжан ҚАРАБАЕВАНЫҢ да жеке мүлкі жоқ. 2011 жылы – 1 561 167 теңге табыс тапқан. Қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВ өткен жылы – 1 962 031 теңге қаражат тапқанын, 3 бөлмелі пәтері мен бау-бақша өсірем деп алған жер учаскесі бар екенін көрсетіпті.
БАСТЫҚ БОЛУ ОҢАЙ МА?
Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы бастығы Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВТЫҢайлық жалақысы – 176 814 теңге. 2011 жылы барлығы 2 354 729 теңге тапқан. Зейнетақы қорындағы жинағы 1 526 992 теңгені құрайды, басқа мүліктен ада.
Атырау облысы білім басқармасы бастығы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВтіпті мекен-жайына дейін айтып, ағынан жарылыпты.
«Сарыарқа мөлтек ауданындағы 33 үйдегі 3-пәтерде тұрамын. 1992 жылы шыққан ВАЗ маркалы және 2004 жылғы ГАЗ автокөлігім бар, ай сайынғы жалақым -161 439 теңге. «Грантум» зейнетақы қорында жинаған -1 417 341 теңге ақшам бар»,- деп хабарлайды облыстың бас мұғалімі.
Атырау облысы қаржы басқармасы бастығы Бауыржан ЖАНТЕМІРОВТЫҢ айлық жалақысы– 189 626 теңге.2011 жылы– 2 850 798 теңгетабыс тауыпты. Оның дүние –мүлкі қатары да өзі жазғандай «жеке меншігінде Атырау қаласында жалпы ауданы 126,3 шаршы метр 3 бөлмелі пәтері болған және 395,1 шаршы метр ауданы бар тұрғын үйі бар». Оның орынбасарлары Баян САБЫРҒАЛИЕВАНЫҢ Махамбеттегі 0,1 га жер телімін көрсеткен, Шынар ЕЛЕУСІНОВА менСерік ДЕМЕГЕНОВТАРДЫҢ жеке мүліктері жоқ. Олар 160-170 мың шамасындағы айлық жалақыларына ғана күн көріп жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасы бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТЫҢжылдық табысы - 2 263 117 теңге. Жеке меншігінде Атырауда 3 бөлмелі пәтері, саяжайлық жер телімі мен 1 автокөлігі тіркелген. Атырау облысы мәдениет басқармасы Нұрлан ЕРҒАЛИЕВТЫҢ айлық табысы – 142 220 теңге. 62,2 шаршы метрлік пәтері ғана бар. Бастығына қарағанда оныңбұрынғыорынбасары,қазіргіөлкетану мұражайы директоры Серік МҰХАНБЕТОВТЫҢ айлығы көбірек – 152 862 теңге. Пәтерінен бөлек 9 сотық жер учаскесіне иелік етеді.
Сәулет және қала құрылыс басқармасы бастығы Айдос ДӘУКЕШОВ жанұясымен жалға берілген 3 бөлмелі пәтерде тұрады. Оның жалғыз табыс көзі – 168 486 теңге айлығы. 2011 жылы 1 883 054 теңге табыс тапқан. 2001 жылғы «Лексус» автокөлігін айдайды. Оның орынбасары Гүлбаршын АРЫСТАНОВА да 158 235 теңге айлық жалақысымен күн көріп жатыр. Жеке меншігінде жер телімінен басқа мүлкі жоқ.
Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығы Бауыржан ЖАЙСАНОВТЫҢ 2006 жылғыВАЗ-2110 автокөлігі мен жер телімі бар. Жанұясымен бірге несиеге алған 3 бөлмелі пәтерде тұрады. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығы Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВАНЫҢ жеке меншігінде гаражынан басқа мүлкі жоқ. 2011 жылғы табысы– 2 766 121 теңге.
Жер қатынастары басқармасы бастығы Рысқали СИСАТОВТЫҢ былтырғы табысы– 2 099 049 теңге. Махамбет селосында тұрғын үйі ғана бар.
Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығы Ербол ҚУАНОВ өз декларациясында дүние мүлкін «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңы талаптарына сай иеленіп отырғанын баса көрсетіпті. Шенеуніктің жеке тұрғын үй құрылысын салуға алған 0,1 га жер телімі, Атырауда3 бөлмелі пәтері бар. Кәсіпкерлік қызметі, автокөлігі жоқ. Жалғыз табыс көзі басқарма бастығы ретінде алатын- 172 330 теңге жалақысы. Былтыр – 1 722 073 теңге табыс тапқан.
Туризм, денсаулық сақтау және спорт басқармасы бастығы Берік ЖАНКЕЕВ 2 бөлмелі пәтерде тұрады, ай сайын - 172 330 теңге жалақы алады. Өткен жылы – 2 255 961 теңге ақша тапқан.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Ахмед АХМЕДОВТЫҢ Атырау мен Астанада бір-бір пәтері бар. Сонымен қатар 2011 жылғы 2 385 617 теңге табысын жария етіпті. Оның орынбасары Қайрат НҰРТАЕВТЫҢ жеке мүлкі жоқ. Ол 2 150 430 теңге ақша тапқанын ғана айтқан.
БұрынғыИсатай ауданы әкімі, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастығы Зұлбұхар СҮЙНЕШОВТЫҢ жері де, пәтері де, кәсіпкерлік нысаны да жоқ екен. Оның жылдық табысы -2 034 101 теңге.
АКЦИЯҒА БӘРІ ҚАТЫСҚАН ЖОҚ
Ең сөзге сараң шенеуніктер кедендік бақылау департаменті басшысы Құрманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ пен оның екі орынбасары Маржангүл ҚҮНТУАРОВА менСаламат БЕКМҰХАНОВ болып шықты. Олар табысының бас-аяғын 2011 жылғы жалпы тапқан соманы, сәйкесінше - 2 761 916 теңге, 2 719 285 теңге және 2 523 341 теңге деп көрсетумен ғана шектеліпті.
ІІД депарменті бастығы Рахмаджан ДОСАНОВТЫҢ 2011 жылғы табысы – 4 447 892 теңге. Атырауда тұрғын үйі, Ақтауда гаражы мен саяжайы ғана бар. Статистика департаментінің бастығы Әсия ҚЫСТАУБАЕВАНЫҢ еңбекақысы – 189 627 теңге. Оның пәтері, бақша өсіруге арналған 60 сотық жері, Махамбет ауданында тұрғын үй салу үшін алынған 10 сотық жер телімі бар.
ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы бастығы Ғибарат СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ декларациясын оқып амалсыздан есімізге «етікшінің етікке жарымайтыны түсті. Оның дүние-мүлкі жоқ, былтыр3 992 294 теңге ақша тапқан. Қазынашылық департаментінің бастығы Бағытжан ЖЫЛҚЫБАЕВТА Махамбет селосында 10 сотық жер телімі бар. 2011 жылғы тапқан табысы 3 827 180 теңгені құрайды.
Атырау облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті директоры Алпамыс ҒИЛЫМОВТЫҢүйі Құлсарыда. Ол 2011 жылы жиыны - 1 306 116 теңге табыс тапқан.
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменті бастығы Жанайым КЕЛБАТЫРОВАНЫҢ 3 бөлмелі пәтері бар. Өткен жылғы табысы – 2 050 242 теңге. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бастығы Светлана ДИДЕНКО дүние мүлікке қызықпайтын шенеунік көрінеді. Былтырғы тапқан-таянғаны - 2 434 020 теңге. Санэпидемиологиялық бақылау департаменті бастығы Теміржан СҰҚАШЕВ Атырауда жалға алған пәтері ғана бар екенін жазыпты. «Автокөлігім жоқ, былтыр жалпы алғанда 3 009 085 теңге ақша таптым» деп мәлімдейді шенеунік.
Бұрынғы Индер ауданы әкімі,қазіргі «Агроөнеркәсіп кешеніндегі меминспекция комитеті» МБ бастығы Жангелді РАХМЕТҚАЛИЕВТЫҢ «Атырауда жалпы ауданы 125,1 үш бөлмелі пәтері болған», енді тек Қызылқоға ауданында тұрғын үйі және көлігі бар. Оның 2011 жылғы табысы – 3 767 477 теңге.
Автомобиль жолдары департаментінің бастығы Зайнулла МАНЕНОВТЫҢ айлығы – 168 486 теңге.Оның Нұрсаяда 3 бөлмелі пәтері, жері бар. Жилстройбанкке Алматыдан үй алу үшін 521 579 теңге депозит салыпты.
Атырау қаласы бойынша салық басқармасы бастығы Нұржан БАЙҒАЗИЕВбылтыр 2 269 888 теңге табыс тапқан. Ал қаржылық бақылау инспекциясы бастығы Меңдіхан ЛҰҚПАНОВТЫҢ 2011 жылғы табысы – 2 193 435 теңге. Екі шенеуніктің де басында үйі, тақымында тұлпары жоқ.
ДЕПУТАТТАР ДА ҚОСЫЛДЫ
Депутат әрі «БатысТранспортСим» ЖШС директоры Рахметолла ӘЛШАНОВТЫҢ 3 бөлмелі пәтері мен 1 автокөлігі бар, былтыр 1 205 038 теңге табыс тапқан.
«№99» құрылыс басқармасы» ЖШС бас директоры, қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» депутаттық фракция мүшесіАркадий КИМНІҢ өткен жылғы табысы – 2 477 960 теңге. Оның жеке меншігінде 4 бөлмелі пәтері мен 1 автокөлігі бар.
«Атырау» ӘКК басқарма төрағасы Мұрат САРМАҒАМБЕТОВ 5 млн салымы барлығын жариялапты. Оның 2011 жылғы табысы – 2 740 133 теңге.
Әзірге жиған-тергені жайлы облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ пен оның орынбасарлары Мереке ИСМҰРАТОВ, Асқар ӘБДІРОВ, Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА мен Серік АЙДАРБЕКОВТАР үндемейді. Әрине партияның тәртібі десек те «Нұр Отанның» акциясы әркімнің өз еркіндегі шаруа.
Сәния ТОЙКЕН