Атырау, 19 сәуір 05:42
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​БҰҰ бітімгерлері балаларға қатысты жаппай зорлық жасады деп айыпталды

1 524 просмотра


Ұлыбританиялық журналистер Біріккен Ұлттар ұйымының бітімгерлерін әлем бойынша балаларды жаппай зорлады деп айыптады. Олардың мәліметінше, бітімгерлер қызмет орындарында ашыққан балалар мен әйелдерді зорлаған, - деп хабарлайды  "Известия". 

Channel 4 телеарнсы жеке тергеу жүргізіп, оның қорытындысында соңғы 20 жылда 1 700 бітімгердің бейбіт тұрғындарды зорлады деп айыпталғаны, ал сотқа 50-ден астамы ғана жеткені анықталған.  Конго тұрғыны Валери журналистерге берген сұхбатында 14 жасында зорланғанын мәлімдепті. 

Оның айтуынша, бітімгер Дидье Бурже оған ақша ұсынған, ал бұл кезде қыздың отбасы кедей өмір сүрген. 2004 жылы французға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол өз отанында кәмелетке толмаған 20 адамды зорлады деп айыпталып, оның екеуі ғана дәлелденген.  Ал бостандыққа шыққаннан кейін Бурже өзінің және әріптестерінің Африкада аздаған ақша мен тамақ үшін ойына келгенді жасағанын мойындаған.  

"Олар ашыққан, сондықтан аз-кем ақшаға оларды сексуалдық байланысқа мәжбүрлеу оңай", - деді Бурже.  "Мен шынымды айттым. Бізде жақсы да, жаман да адамдар бар, оның ішінде ең жамандары да бар", - деп пікір білдірді өз кезегінде БҰҰ күш құрылымдарының басқарушысы генерал-лейтенант Балла Кейта.

Дереккөз: tengrinews.kz

2 тамыз 2018, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.