Атырау, 29 наурыз 05:32
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Лавров: Армениядағы бұрынғы билік өкілдерін қудалауға алаңдаймыз

1 329 просмотра


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу Арменияның жаңа билігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы кампания аясында мәскеушіл бұрынғы саяси басшылардың қудаланып жатқанына алаңдайтынын мәлімдеді. 

Лавров бұл жайында 31 шілдеде Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян 2008 жылы өзіне дейінгі ресейшіл президентке қарсы наразылық акциясын қатаң басып-жаншыды деп айыпталған соң айтып отыр.

1998-2008 жылдары Армения президенті болған Роберт Кочарян 27 шілде күні 2008 жылы даулы президент сайлауынан соң оппозиция өткізген наразылық акцияларын күшпен басып-жаншыды деген күдікпен қамауға алынған.

Сол күні Ресей бастаған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Юрий Хачатуров та Кочарян сияқты 2008 жылы 1 наурызда болған наразылықта 10 демонстранттың қазасына байланысты Арменияның конституциялық құрылымын құлатпақ болды деп айыпталған.

Хачатуров пен Кочарян өздеріне тағылған айыпты терістеп, оның саяси астары барын мәлімдеген.

"Соңғы бірнеше күнде болып жатқан оқиғалар Арменияның жаңа басшылығының өзіне дейінгі билік өкілдерін саяси мақсатта қудаламаймыз деген таяуда жасаған мәлімдемесіне қайшы келеді. Мәскеу Ереванның одақтасы ретінде қашан да Арменияның тұрақты болуына мүдделілік танытқан және ол елде болып жатқан оқиғалар бізді де алаңдатуы тиіс" деді Лавров.

Лавров Сыртқы істер министрлігі алаңдаушылыққа байланысты Армения билігі "конструктивті жауап" қайтарады деп үміттенетінін айтты.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мамыр айында бұрынғы үкіметке қарсы демонстрация нәтижесінде билікке келген. Таяуда ол сыбайлас жемқорлықты жою кампаниясын бастап, оның аясында бұрынғы бірнеше жоғары шенді шенеунік ұсталған. Пашинян халық толқулары нәтижесінде билікке келген Грузия мен Украина басшылары сияқты емес, Мәскеумен жақсы қарым-қатынас орнатуды қолдайтынын айтады.

Дереккөз: azattyq.org

1 тамыз 2018, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.