Атырау, 9 мамыр 02:28
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​АҚШ пен Мексика еркін сауда аймағы бойынша келіссөз жүргізеді

1 264 просмотра


Солтүстікамерикалық еркін сауда аймағы келісімшартын жаңартуға қатысты келіссөздің форматы өзгеруі мүмкін. Өйткені АҚШ пен Мексика өкілдері бүгін Вашингтонда Канаданың қатысуынсыз келіссөзді қайта бастады.

Ал Канада тарапымен кейінірек кездеспек. Алайда бұл еркін аймақтың бастапқы ұстанымына қайшы. Оның үстіне Мексика мен Канада бұған дейін келіссөздің үшжақты форматта жүруін қолдайтынын жеткізген. 

Айта кетейік, Солтүстікамерикалық еркін сауда аймағы келісімшарты 1992 жылы құрылған болатын. Бірақ өткен жылы тамыз айында президент Дональд Трамп құжатты сынап, ол өзгертілмесе, АҚШ-тың ұйымнан шығатынын мәлімдеген соң, тараптар оны қайта қарауға кірісті.

Дереккөз: 24.kz

1 тамыз 2018, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.