Атырау, 26 сәуір 08:14
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Сирия мен Иракта қанша қазақстандық қамауда отыр?», «Қасымовтың қарамағындағылар қылмыстың ізін жасырумен айналысып жүр», «Қазақстан банктерінің рейтингі — 2018 жасалды», «Құқық қорғаушы: Арон Атабектің сағы сынбаған, бірақ шағымы бар».

1 930 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Құқық қорғаушы: Арон Атабектің сағы сынбаған, бірақ шағымы бар» - Құқық қорғаушы Елена Семенова 31 шілде күні Павлодардағы түрмеде 18 жылдық жазасын өтеп жатқан диссидент ақын Арон Едігеевпен (шығармашылық лақап аты - Арон Атабек) жолықты. Семенованың Азаттық тілшісіне айтуынша, Арон Атабектің сағы сынбаған, ол мерзімінен бұрын босап шығу үшін рақымшылық жасау туралы өтініш жазудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.

«Тelegram чаты үшін қамалған Жұмаевтың соты басталды» - Ақтау қалалық соты шілденің 31-інде "әлеуметтік алауыздық қоздырды" және "билікті басып алуға шақырды" деген күдікке ілінген Авлабас Жұмаевтың ісін қарауды бастады.

«Хакасияда ана тілі жанашырын желідегі посты үшін айыптайды» - Хакасия астанасы - Абакан қаласының тұрғыны Лидия Баинованың үстінен экстремизм бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу оны "ВКонтакте" әлеуметтік желісі арқылы экстремистік сипаттағы үндеулер таратты деп санайды.

«Сирия мен Иракта қанша қазақстандық қамауда отыр?» - ҰҚК Сириядағы соғыста қанша Қазақстан азаматының қаза тапқаны туралы дерекпен бөлісті.

QAMSHY.KZ. «"Қазаққа тіл тигізді" деген Шаянов шындықты айтуға неге асықпайды?» - «Репортер» сайтында «Надо срочно валить: Русские бегут из Казахстана» атты мақала жарық көрді. Әдейі арандату үшін жазылған мақала екені көзге ұрып тұр. Бұған дейін де көрші елдің журналистері арандату мақсатында түрлі мақала мен бағдарламалар шығарған. Ең қызығы, аталған сайттың байланыс телефондары, мекен-жайы мен қызметкерлері туралы ақпарат мүлдем көрсетілмеген.

«Қазақстан банктерінің рейтингі — 2018 жасалды» - Он жылдық дағдарыстан кейін Қазақстан банк нарығы өзгере бастады, деп жазады Forbes Kazakhstan журналы. Оған елдегі жоғары биліктің саяси ықпалы, Ұлттық банктің қатаң реттеуі және халықаралық қаржылық есеп стандарттарының жаңа ережелері, нарықтағы бәсекелестіктің нашарлауы, білікті мамандардың болмауы және тағы басқалар әсер еткен.

ABAI.KZ. «Қасымовтың қарамағындағылар қылмыстың ізін жасырумен айналысып жүр» - Қазақстан полициясы қауіпсіздікті қорғай ма, әлде қорлай ма? Қылмыспен күресушілердің қылмыскерлерді бүркемелейтіні жайлы жұрт арасында алып-қашпа сөз көп. Сенеміз бе? Әлде Генерал Қасымовтың қарамағындағылар ұры-қарыны «крышавать етеді» деген жұрт сөзін жай бір өсек деп есептейміз бе?

DALANEWS.KZ.  «Қазақтар “Қазақ болудан” неге қашады?» - Осыдан бірнеше жыл бұрын «Шыңғысхан» журналынан орта жүз бен кіші жүздің сексен жастағы ақсақалдары ата баласы болғандықтан, сегіз жастағы Ұлы жүздің ұрпақтарынан төмен отырып, алақан жайып, бата сұрауының оғаштығы жоқ деген дүниені оқыған едім. Сонымен қатар, қазір жас балалар мен әйелдердің бата беруі көбейіп кетті. Қойгел бидің осы мәслеге қатысты айтқан мынадай сөзі бар: «азған елдің баласы атасына бата береді, есі кеткен көнтек шал, қолын жайып жата береді» депті бабамыз. Ал әйелдерге қатысты «Жетпіс әйел лебізі, бата орнына жүре алмас, жетпіс күшік жиналып, қой шетіне үре алмас» деген ғой бабамыз. 

QAZAQTIMES.COM. «Дегеніне жетпеген демонстрациялар дәуірі: Наразылық шерулерінің мәні не?» - Дүниежүзінде миллиондаған адамдар өздерін басқарып тұрған үкіметтерге, жоғары жікке наразылығын білдіріп шерулерге шығып жатады. Күрделі саяси өзгерістер кезінде бір елдің өзінде миллиондаған адамның қатысуымен наразылық демонстрациялар болып өтеді. 


1 тамыз 2018, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.