Атырау, 9 мамыр 00:30
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Кубалықтар жаңа конституция жобасымен танысып жатыр

1 142 просмотра


Куба азаматтары елдің жаңа конституциясымен танысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды РИА Новости

Correos de Cuba басылымының жазуынша, 31 шілдеден бастап 32 беттік конституция жобасы сатылымға шықты. 

«Адамдар оқып, танысып, осы бойынша өз пікірлерімен бөліскені маңызды. Тек осылай ғана барлығымыз талқылауға қатыса аламыз», - деп мәлімдеді РИА Новости агенттігіне жергілікті профессор Альфредо Гарсия.

Бұдан бұрын шілдеде Куба билігінің Ұлттық ассамблеясы өз отырысында елдің негізгі заңын өзгертетін конституциялық реформаны мақұлдады. Парламент 13 тамыздан 15 қарашаға дейін жаңа конституцияны жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынған еді. 

Кубаның жаңа конституциясында президент лауазымы енгізіледі, оның қызметі он жылдан кейін шектеледі, жекеменшік құқығы келісіледі.

Сондай-ақ, Куба мемлекеті қызметінің негізгі қағидаларының бірі - социализмнің құрылысы аталады. Конституция мәтініне алғаш рет гендерлік белгілер бойынша кемсітушілікке тыйым салынатыны енгізілді. 

Дереккөз: inform.kz

1 тамыз 2018, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.