Атырау, 30 қараша 02:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Перуде пойыздар соқтығысып, 23 адам зардап шекті

1 583 просмотра


Перудің Мачу-Пикчу қаласына жақын жерде 2 саяхатшылар пойызы соқтығысып, 23 адам жарақат алды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Куско қаласынан шыққан пойыздардың бірі жергілікті халықтың наразылық шеруінің кесірінен жолда тұрып қалған. 

Ал одан кейін келе жатқан пойыз оны артынан келіп соққан. Қазір апат кезінде жапа шеккендерге дәрігерлік көмек көрсетіліп, оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. 

Айта кетейік, Перудің оңтүстігінде орналасқан Мачу-Пикчу шаһары инктер дәуіріндегі тарихи ескерткіштерімен әйгілі. 1983 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілген бұл орындарға саяхатшылар көптеп келеді. Мысалы, 2016 жылы Мачу-Пикчуға 1 жарым миллионға жуық турсит қатынаған екен.

Дереккөз: 24.kz

1 тамыз 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.