Атырау, 30 қараша 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Ұшақ апатқа ұшырады: 100-ге жуық жолаушы зардап шеккен

1 143 просмотра


Ұшақ апатынан зардап шеккендер әртүрлі дәрежеде күйік, жарақат алып, есеңгіреп қалған. Мексикада Мехикоға бара жатқан Embraer 190 ұшағы Дуранго қаласы әуежайында апатқа ұшырады.

Ауа райы қолайсыздығы ұшақтың ұшуына кедергі жасаған – қатты дауыл соғып тұрыпты. Ұшқыштар сапарды тоқтатуға шешім қабылдап, жерге қонған кезде, ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен, РИА Новости.

Төтенше оқиға салдарынан өрт басталып, жолаушылар мен экипаждың басым бөлігі ұшақтан өздері шығып үлгеріпті.

Ұшақ он жылдан бері пайдаланылып келе жатыр екен.

Кейінірек билік өкілдері хабарлағандай, Aeromexico ұшағынан зардап шеккен 98 жолаушы ауруханада жатыр.

"Ұшақта болған барлығы 103 жолаушының 101-і қайда екені анықталды, 98-іне ауруханада медициналық жәрдем көрсетіліп жатыр. Әуежай жұмысын қайта бастады", — деп жазды Мексиканың байланыс және көлік министрі Херардо Руис Эспарса Twitter парақшасында.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен жолаушылар әртүрлі дәрежеде күйік, жарақат алып, есеңгіреп қалған.

Дереккөз: sputniknews.kz

1 тамыз 2018, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.