Атырау, 30 қараша 02:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

АҚШ барлау қызметі Солтүстік Кореяда жаңа зымыран өндірісінің белгісін анықтады – БАҚ

2 086 просмотра


АҚШ барлау қызметі Корей Халық Демократиялық Республикасының бұған дейін құрылықаралық зымыран өндірген алаңда жаңа зымырандарды құрастырып жатқанын спутник арқылы түсіріп алған. Бұл жайында Америка барлау қауымдастығының дереккөзіне сүйене отырып The Washington Post басылымы мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.ru порталына сілтеме жасап.

Пхеньян маңында орналасқан өндіріс кешенінде құрылықаралық екі жаңа баллистикалық зымыран жасалуы мүмкін. Мұндай қорытынды спутниктік фотосуреттерді ескере отырып соңғы бірнеше апта аралығында жасалған, деп жазады ТАСС.

Аталған басылым АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея тарапынан ядролық қауіп жоқ деген мәлімдемесінен кейін де КХДР-да соңғы үлгідегі қаруды жасау бойынша жұмыстар жалғасып жатқандығына назар аударған.

Айта кетсек, осы жылдың 12 маусымында Сингапурде АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының тарихта бірінше рет кездесуі өткен еді. Дональд Трамп пен Ким Чен Ын келіссөздердің соңында біріккен құжаттарға қол қойды. Онда Пхеньян ядролық қарусыздануға баруға дайын екендігін жария еткен, ал Құрама штаттар КХДР-дың қауіпсіздік кепілдігіне міндеттелген.

Дереккөз: Baq.kz

31 шілде 2018, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.