Атырау, 30 қараша 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Камбоджада парламент сайлауы аяқталды

1 424 просмотра


Камбоджаның Ұлттық Ассамблеясына депутаттарды сайлау аяқталды. Әзірге дауыс берудің ресми қорытындысы жарияланған жоқ. Бірақ елдің бас партиясы 80 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткені туралы мәлімдеді. 

Саяси дода кезінде дауыс беруге құқылы халықтың 83 пайызы атсалысқан. Ал ресми қорытынды тамыздың ортасында белгілі болады. Айта кету керек, Камбоджада парламенттің төменгі палатасына сайлау өтіп, елде 23 мыңға жуық дауыс беру бөлімшесі жұмыс істеді. Саяси додаға 20 партия қатысты. 

Сарапшылар жеңіске кім жеткені туралы алдын ала болжам жасаудан бас тартты. Себебі елдің негізгі оппозияциялық «Ұлттық құтқару Партиясы» бұл жолғы сайлаудан шеттетілді.

Еске сала кетейік, былтыр қарашада Патшалық Жоғарғы Соттың шешімімен партия таратылған болатын. Олар өзге мемлекеттермен бірігіп үкіметтің басқару жұмысына зиян тигізуді жоспарлады деп айыпталды.

Дереккөз: 24.kz

31 шілде 2018, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.