Атырау, 26 сәуір 02:04
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Өзіңнен баста, басқаға үлгі болсын

4 495 просмотра


Жыл басынан бері қоғамдық орындарда 809 қылмыс жасалды, олардың 55-ін жасөспірімдер жасаған, 50 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Атыраудағы жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерлан БИҒАМБАЕВ брифингте мәлімдеді. Ол сондай-ақ, өз ведомостволарының әзірге таратылмайтындығына сендіріп, бақылау камераларының сапасына жоғары баға берді.

Биғамбаевтың айтуынша, қала ішінде 20 учаскелік полиция пункттерінің құрылысы аяқталып қалған. Биыл сәуір айында «Электрондық әкімшілік ісі» жобасы бойынша жол-патруль батальонына 20  планшет берілген, енді әкімшілік хаттамалардың басым бөлігі электронды түрде рәсімделеді.

- Бұл өте ыңғайлы: электронды құрылғыға құқық бұзушының ЖСН-ін енгізесіз, ол туралы бүкіл ақпарат пайда болады, - деді Биғамбаев. - Соңғы үш айда осылайша 3 800-ден астам хаттамалар толтырылды.

«АЖ» сауалдары:

- Наурызда Мәжіліс бірінші оқылымда өңірлік ІІД мен жергілікті полиция қызметін бірыңғай «полиция департаментіне» біріктіруді қарастыратын заңнамаға түзетулер жобасын мақұлдады. Яғни, әңгіме жергілікті полицияны жеке құрылым ретінде тарату туралы болып отыр. Бұған не айтасыз?

- Иә, бұл туралы білеміз, бірақ осы мәселе бойынша нұсқаулар немесе бұйрықтар болған жоқ, сондықтан жұмыс жасауды жалғастырамыз.

- Атырауда қанша бейнебақылау камерасы бар?

- Қалада 759 камера: 242-і қиылыста, 374-і көп қабатты үйлердің ауласында, 115-і адамдар шоғырланатын қоғамдық жерлерге, 28-і әкімшілік ғимараттардың жанына орнатылды. Барлығы жұмыс жасап тұр. Кейде бір-екеуі бұзылып қалады, бірақ біз оларды дереу жөндейміз. Камералар сапалы, түнгі жазбалар айқын көрінеді. Олардың көмегімен 39 қылмыс ашылып, 16 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

- Қалада қанша учаскелік инспектор бар және бұл мөлшер жеткілікті ме?

- 89 учаскелік инспектор жұмыс істейді, бірақ халық көбейіп келеді, бізге тағы 50 инспектор қажет.

- ҚІІБ ғимаратының алдында көлік тұрағы жоқ, ал қызметкерлерге басқаларға кедергі келтіріп, машиналарын кез келген жерге қалдыруға тура келеді. Бұл туралы бірнеше жылдан бері айтылып келеді, бірақ оның пайдасы жоқ.

- Иә, ҚІІБ ғимаратының алдында көлік жолы, маңында түрлі компаниялардың кеңселері бар, автотұрақ үшін орын жоқ – бұл проблема емес. Бірақ қызметкерлерімізбен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, тіпті оларға хаттамалар толтырамыз (! – Ф.А.).

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

30 шілде 2018, 22:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.