Латвия сеймасының депутаты Александр Кирштейнс «Ресейді бірнеше бөлікке бөлу» қажет екенін Twitter-де жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Латвиялық депутаттың айтуынша, мұндай шара оның елі мен Еуропаның «тыныштығы үшін өте қажет».
«Ресей этникалық құрамы бойынша кіші елдерге бөлінгенде ғана әскери қақтығыстар тоқтайды, ал Еуропада бірнеше жылға дейін бейбітшілік орнайды», - деді Кирштейнс.
Дереккөз: Baq.kz