Атырау, 30 қараша 02:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Зимбабведе президент және парламент сайлауы өтіп жатыр

1 559 просмотра


Зимбабведе 30 шілдеде ел тұрғындары президент және парламент сайлауына дауыс бере бастады. Зимбабведе 2017 жылы қарашада елді 37 жыл басқарған Роберт Мугабе биліктен күшпен кеткеннен бері бірінші рет сайлау өтіп отыр.

Сайлаудағы негізгі бәсеке президент міндетін уақытша атқарушы 75 жастағы Эммерсон Мнангагва мен оппозициялық MDC-T партиясының басшысы 40 жастағы Нельсон Чамиза арасында өтеді деген болжам бар.

Бұл сайлауда тұрғындар сонымен қатар жергілікті өкілді орган сайлауына да дауыс бермек. Сайлау нәтижелері 4 тамызда жарияланады.

Сарапшылар президент сайлауына түсіп жатқан саясаткерлердің ешқайсысы бірінші турда жеңіске жете алмайды деген болжам айтады. Алғашқы кезеңде кандидаттардың ешқайсысы берілген дауыстың жартысынан астамын жинай алмаса, онда қыркүйекте сайлаудың екінші кезеңі өтеді.

Зимбабвені тәуелсіздік алған 1980 жылдан бері басқарған Роберт Мугабе өткен жылы әскери төңккерістен соң биліктен кеткен.

Сайлауды жүздеген халықаралық бақылаушы қадағалайды.

Оппозиция сайлау қарсаңында заң бұзушылықтар болғанын мәлімдеп, бюллетендер қауіпсіздігіне және сайлаушыларға қысым көрсетілуі мүмкін екеніне алаңдаған.

Дереккөз: azattyq.org

30 шілде 2018, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.