QAMSHY.KZ. «Жұмысқа орналасу үшін тек жеке куәлік жеткілікті болады» - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Нұрланұлы Мұқышев алдағы уақытта жұмысқа орналасу үшін тек жеке куәліктің ғана қажет болатындығын атап өтті. Бұл туралы ол Астанадағы Astana Hub технопаркінде болған кездесуде мәлімдеді.
«АҚШ пен ЕО Еуразиядағы геосаяси әрекеттері және қазақ тағдыры» - Маған Трамптың үш жетістігі айқын байқалады: ол өз елінде салықты төмендетіп, әлеуметтік шығындардың азайтып АҚШ-тың экономикасын соңғы уақытта дүркіретіп өсірді. Екінші жетістігі –Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың қарама-қарсы тарифтер теке тіресін тоқтатты.
AZATTYQ.ORG. «Мирзияев президенттігі де фильмге айналып үлгерді» - Шавкат Мирзияевтің туған күні ол туралы президент баспасөз қызметі әзірлеген фильм шықты. Жергілікті ақындардың бірі Ислам Каримовтің 80 жылдығына арнаған өлеңіне ұқсас жырмен қазіргі президентті де құттықтады.
«Қашқын премьерге ұқсайтын Даниил Урицкий кім?» - Беларусь жаңалық сайттары осы елдегі ұлттық корпорация басшысының суретін жариялады. Суреттегі адамды Қырғызстанда сырттай сотталған, 2010 жылғы сәуір революциясынан кейін шетелге қашып кеткен бұрынғы премьер-министр Данияр Үсеновке ұқсатады.
«Кіші Памирдегі қырғыздар хан сайлады» - Ауғанстан аумағындағы Кіші Памир тауын мекендейтін этникалық қырғыздар 44 жастағы Ажыбото Абдилгани уулун өздеріне хан етіп сайлаған. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне осы аймақта тұратын Абдулуахит Жээнбек уулу хабарлаған. Оның айтуынша, жаңа ханның көмешкісі болып Молдо Абдулхақ бекітілген.
«Сайрагүл Сауытбайдың соты Астананың "бас ауруына" айнала ма?» - Шетел баспасөзі Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың соты, Halyk Bank-тің Өзбекстан нарығына шығуы ықтимал екені, Арал теңізінен балық аулап күнелтетін ауылдардың тағдыры және Қарағанды облысынан табылған археологиялық олжа туралы жазған.
«Eurovision Қазақстан үшін қаншалықты маңызды?» - Қазақстан биыл алғаш рет балалар арасындағы Eurovision байқауына қатыспақ. Астана ересектер арасындағы негізгі Eurovision конкурсына да қатысуға бірнеше рет талпынып көрген.
INFORM.KZ. «Ақпараттық вакуум туындаған жоқ, қоғамнан ештеңе де бүгіліп қалмады» -ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Денис Теннің өлімін тергеуге қатысты полиция жұмысына және осы қайғылы оқиғадан кейін қоғамда туындаған резонансқа қатысы өзі көзқарасымен бөлісті.
EGEMEN.KZ. «Әлеуметтік желінің әлегі» - Технология дамып, адам санасы «жаңғырған» сайын, Жаратылыстан берілген құндылықтар құмға сіңген судай болып жойылып барады. Айтайын дегенім, интернет пен әлеуметтік желідегі виртуалды өмір туралы бірер сөз еді.
AIKYN.KZ. «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бытыраңқылықтан – ынтымақтастыққа» - 12 тамызда Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекеттің президенті Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау бойынша көпжылғы келіссөздерді қорытындылау үшін Ақтауда Бесінші каспийлік басқосуда кездеседі.