Тыва Республикасының Барун-Хемчик ауданында Сібір жарасы анықталған аумақ тұрғындарының барлығына вакцина егілді. Бұл туралы республика денсаулық сақтау министрі Орлан Донгакқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«Аурудың ошағында тұрғындарға 100 пайыз вакцина егілді. Ауруға шалдыққан малды жоюға қатысып жатқандардың да барлығына дәрі егілген», - деді Донгак. Ол, сондай-ақ бұрын осы індет тараған басқа елді мекендерде да вакцинация жүргізілетінін жеткізді. Түйнеме жұқтырып ауруханаға түскен екі науқастың сөзіне қарағанда, оларды жуырда үйіне жібереді. Бақылау мақсатында ауруханаға жатқызылған бес адамда аурудың белгілері анықталмаған.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұрын Барун-Хемчик ауданында екі адам түйнемемен ауырған аумаққа карантин жарияланған. Сібір жарасы (қойда - топалаң, жылқыда - жамандат, ірі қарада - караталак, түйеде - ақшелек, қарабез) мал және жабайы жануарлардың бациллус антрацис микробы коздыратын, жіті түрде өтетін аса қауіпті жұқпалы ауруы. Онымен адам да (түйнеме, күйдіргі) ауырады.
Дереккөз: inform.kz