Тәжікстанның оңтүстігінде туристерді көлікпен қағып кеткен бұзақылар ұстау барысында полицияға қарсылық танытты. Нәтижесінде тәртіп сақшылары оларға қарсы оқ атуға мәжбүр болды.
Салдарынан көлікте болған төрт адамның екеуі қаза тапты. Жалпы АҚШ пен Нидерланд азаматтарының ажалына себеп болған «Daewoo Leganza» көлігі Нурек қаласының 21 жастағы тұрғынына тиесілі екені анықталды.
Еске сала кетсек, осыған дейін Тәжікстанның оңтүстігінде біреулердің жолда велосипедпен бара жатқан 2 американдық пен 2 голландиялықты қағып өтіп, мерт қылғанын хабарлаған едік. Бұл туралы Тәжікстан ІІМ хабарлайды.
Дереккөз: 24.kz